Лагерьдiң жетекшiсi және қызметкерлерi демалып жатқан балалардың денсаулығы мен өмiр қауiпсiздiгi үшiн толық жауапты.

Лагерь қызметкерлерi және балалар тәртiп сақтауға, iшкi тәртiп ережесiн, күн тәртiбiн, оқу және тәрбие жұмыстарының жоспарын орындауға мiндеттi. Лагерьдiң территориясынан лагерь қызметкерлерi ере жүрмесе, шығуға рұқсат етiлмейдi.

Балалар мен жасөспiрiмдерге тексерiлген суаттарда, су алабында шомылуға рұқсатты лагерь жетекшiсi немесе дәрiгер  бередi, топ болып шомылғанда бала саны 10 адамнан аспау керек және суда жүзу жөнiндегi нұсқаулар аға тәрбиешiнiң және дәрiгердiң (мед.бикенiң) қатысуымен өтедi.

Балаларды автокөлiкпен тасымалдағанда, көлiктiң техникалық жағдайына, жүргiзушiнiң дайындығына ерекше көңiл бөлiнедi.  Балаларды автокөлiктiң қандай түрiмен тасымалдағанда да, жауапкершiлiк лагерьдiң құрылтайшысына және жетекшiсiне  жүктеледi. Балаларды жүк автокөлiктерiмен тасымалдауға тиым салынады.

Лагерьдiң барлық ғимараттары өрт сөндiру және қорғану құралдарымен қамтамасыз етiледi. Лагерьде өрт шыққанда және апат болғанда балаларды эвакуациялау жоспары әзiрлену қажет.

Лагерьдiң қызметкерлерi жұмысқа арнайы семинардан, балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын және өмiрiн сақтау жөнiндегi нұсқаудан өткен соң және медициналық рұқсат қағазын көрсеткен кезде ғана жiберiледi.

Жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар Қазақстан Республикасының территориясына балалармен  экскурсиялар, экспедициялар, туристiк жорықтар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi нұсқауға сәйкес ұйымдастырылады.