Балалардың сауықтыру лагері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы

Ережелер

  1. Балалардың сауықтыру  лагері қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы осы ережелер  балалардың сауықтыру лагері, балалардың еңбек және демалыс лагері, балалардың профильді лагері, балалардың мектеп жанындағы лагері (бұдан әрі – Балалардың сауықтыру лагері) қызметін белгілейді.
  2. Балалардың сауықтыру лагері өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген), осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
  3. Балардың сауықтыру лагерінде азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша дамыту бағдарламасы іске асырылады.
  4. Білім беру органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, жеке заңды тұлғалар және басқалары Балалардың сауықтыру лагерін қысқы, көктемгі және жазғы каникул мерзімінде, сонымен қатар жыл бойы қалада да, қала сыртында да құра алады. Балалардың сауықтыру лагерінің жұмыс тәртібі мынандай:
  • жоғарғы сынып оқушыларына арналған еңбек және демалыс лагері жазғы каникул кезінде ұйымдастырылады және жоғары сынып оқушыларының өндірістік практикасын өткізуді қамтамасыз етеді. Жоғары сынып оқушыларының лагерде болу мерзімі 12 күннен 24 күнге дейін болады;
  • оқушылардың бағдарлы лагері (мектебі) жыл бойы немесе каникул кезінде білім беру ұйымдарының және кәсіпорындардың базасында қалада немесе қала сыртында құрылады.
  • оқушылардың күндізгі сауықтыру лагері 6 мен 12 жас аралығындағы оқушылар үшін жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезінде ұйымдастырылады. Лагерь жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс және мектепке дейінгі ұйымдардың және басқа орайластырылған ғимараттарда құрылады. Балалардың лагерде болу мерзімі 15 күннен 20 күнге дейін болады. Күндізгі сауықтыру лагерін тамақпен және тамақсыз  (сауықтыру алаңдары) ұйымдастыруға болады.

Балалардың сауықтыру лагерінің негізгі міндеттері:

1)      балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

2)       олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

3)       азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

           Сауықтыру және білім беру процесіне қатысушылар

  1. Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және оқу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері) болып табылады.
  2. Балаларды сауықтыру лагеріне бала қабылдаудың жалпы тәртібін құрылтайшы белгілейді және ол Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.
  3. Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен, сауықтыру және оқу процесін ұйымдастыратын және тәртібін реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
  4. Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы туралы дәрігердің қорытындысын тапсыру қажет.
  5. Білім алушылардың, ата-аналардың, (кәмелетке толмағандардың өзге де өкілдерінің), қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен және сауықтыру, білім беру саласындағы өзге де заңнамалық кесімдермен белгіленеді.
  6. Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және педагокикалық қызметіне тиісті кәсіптік білімі бар азаматтар жіберіледі.

                        Балалардың сауықтыру лагерін басқару

  1. Балалардың сауықтыру лагерін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге, осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес демократиялық, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркін дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.
  2. Балалардың сауықтыру лагерін алқалы басқару нысаны кеңес, жалпы жиналыс, педагокикалық кеңес және басқа да нысандар болып табылады.
  3. Балалардың сауықтыру лагеріне тікелей басшылықты директор жүзеге асырады.
  4. Балалардың сауықтыру лагері директорын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады.
  5. Директордың орынбасарын Балалардың сауықтыру лагерінің директоры тағайындайды және одан босатады.

    Жазғы сауықтыру лагерiн ұйымдастыру және қызметiнiң негiздерi

  1. Лагерь жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектептен тыс ұйымдардың және балалар мен жасөспiрiмдердiң тұратын жерiндегi басқа да бiлiм беру ұйымдарының базасында құрылады.
  2. Лагерь бiр немесе бiрнеше бiлiм беру ұйымдарының оқушыларынан        жинақталады.
  3. Балалар мен жасөспiрiмдердiң лагерьде болу мерзiмiн және ауысым санын бiлiм беру, денсаулық сақтау ұйымдары берген нұсқауларын, табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, құрылтайшы анықтайды.
  4. Лагерьде топтар, отрядтар, бағдарлы бiрлестiктер құрылады, оларды толықтыру оқушылардың жас ерекшелiктерiне және ынта-ықыластарына, санитарлық-гигиеналық нормаларына, техника қауiпсiздiгi ережелерiне, қаржы және кадрлар мүмкiндiктерiне сәйкес анықталады.
  5. Жұмыс мазмұнын, түрiн және әдiсiн балалар мен жасөспiрiмдердiң ынта-ықыласын ескере отырып, демократиялық және адамгершiлiк, ұлттық және мәдени-тарихи дәстүрлердi дамыту негiзiнде педагогикалық ұжым анықтайды.
  6. Өз қызметiнiң бағдарламасын, негiзгi бағыттарын, күн тәртiбiн, өзiн-өзiн басқаруды ұйымдастыруды лагерьдiң ұжымы дербес жасайды.  Жалпы жиналыста лагерь балалары мен қызметкерлерiнiң Кеңесi (басқару) немесе балалар мен қызметкерлердiң өкiлдiгiне тең келетiн өзiн-өзi басқару ұйымы сайланады.  Кеңес лагерь әкiмшiлiгiмен, ата-аналармен, өзге де заңды өкiлдермен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарады.
  7. Балалар мен жасөспiрiмдердi тамақтандыру лагерь ашылған ұйымның асханасында немесе аймақтық Мемсанэпедбақылау орталығының келiсiмi бойынша, шарт жасасу негiзiнде, жақын жерде орналасқан қоғамдық тамақтандыру орнында ұйымдастырылады.
  8. Экскурсия және басқа шаралар өтетiн жерге балалар мен жасөспiрiмдерден құралған топтарды жеткiзу жұмысын екi педагог жүзеге асырады, тиiстi көлiк түрiне қажеттi барлық талаптар сақталады. Топтағы балалардың саны 30-дан асқан жағдайда әрбiр 15 бала үшiн 1 педагог саны артып отырады.
  9. Лагерьде балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын және өмiр қауiпсiздiгiн сақтау
  10. Лагерьдiң жетекшiсi және қызметкерлерi демалып жатқан балалардың денсаулығы мен өмiр қауiпсiздiгi үшiн толық жауапты.
  11. Лагерь қызметкерлерi және балалар тәртiп сақтауға, iшкi тәртiп ережесiн, күн тәртiбiн, оқу және тәрбие жұмыстарының жоспарын орындауға мiндеттi. Лагерьдiң территориясынан лагерь қызметкерлерi ере жүрмесе, шығуға рұқсат етiлмейдi.
  12. Балалар мен жасөспiрiмдерге тексерiлген суаттарда, су алабында шомылуға рұқсатты лагерь жетекшiсi немесе дәрiгер  бередi, топ болып шомылғанда бала саны 10 адамнан аспау керек және суда жүзу жөнiндегi нұсқаулар аға тәрбиешiнiң және дәрiгердiң (мед.бикенiң) қатысуымен өтедi.
  13. Балаларды автокөлiкпен тасымалдағанда, көлiктiң техникалық жағдайына, жүргiзушiнiң дайындығына ерекше көңiл бөлiнедi.  Балаларды автокөлiктiң қандай түрiмен тасымалдағанда да, жауапкершiлiк лагерьдiң құрылтайшысына және жетекшiсiне  жүктеледi. Балаларды жүк автокөлiктерiмен тасымалдауға тиым салынады.
  14. Лагерьдiң барлық ғимараттары өрт сөндiру және қорғану құралдарымен қамтамасыз етiледi. Лагерьде өрт шыққанда және апат болғанда балаларды эвакуациялау жоспары әзiрлену қажет.
  15. Лагерьдiң қызметкерлерi жұмысқа арнайы семинардан, балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын және өмiрiн сақтау жөнiндегi нұсқаудан өткен соң және медициналық рұқсат қағазын көрсеткен кезде ғана жiберiледi.
  16. Жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар Қазақстан Республикасының территориясына балалармен  экскурсиялар, экспедициялар, туристiк жорықтар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi нұсқауға сәйкес ұйымдастырылады.