«Машат-Арасан» емдеу сауықтыру орталығы сіздерді демалысыңызды жақсы өткізу үшін керемет орталық

Кең байтақ ұлы дала мекеніміз,

Біздерге керек емес шет еліңіз.         

Бабамнан қалған мұра ұрпағына,

Асқар тау, орман тоғай шөлейтіміз

 

Құм – дауыл  соқса сонау  бір шетінде,

Ал мұнда аймалап күн келбетімді

Машаттай тау шатқалы әлдилейді,

Балауса балғындарын өр төсінде – дегендей, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Түлкібас ауданы, табиғаты керемет, ауасы таза, суы мөлдір, шөбі шүйгін Машат шатқалында  орналасқан «Машат –Арасан» емдеу сауықтыру орталығы – жәнатты жаратылған құтты мекен. Алланың құдіреттілігі Машат өңіріне табиғаттың бар сұлулығын үйіп бере салғандай. Сондықтан болар, «Түлкібасты – жер жанаты» дейді.

«Машат –Арасан» емдеу сауықтыру орталығы демалушыларының «Машат — Арасан» туралы мақтанышпен айтуы тегін емес. Өйткені «Машат — Арасан» емдеу-сауықтыру лагерінің орналасуының өзі ерекше. Жан – жағын айнала еңсесі биік тау қоршап тұр. Не деген сұлулық десеңші ?!…

Ия, «Машат-Арасан»  емдеу – сауықтыру лагері өзіндік табиғатымен ерекшеленіп, тау қойнауының баурайында орналасса да қауіпсіз жер болып табылады. Демалушылар үшін талапқас сай, заманауи жағдай жасалынған. Демалатын  және жатын бөлмелер екі қабатты ғимаратта орналасқан.  Онда жуынатын бөлме, салқындатқыш , әр қабатта демалатын орындарда теледидар көруге, кітап, газет-журнал оқуға мүмкіндік жасалынған. Сауықтыру алаңында футбол, баскетбол, волейбол, үстел үсті теннисі, шахмат, шашка ойын  алаңдары, балалардың жас ерекшеліктеріне орай 3 қауыз (бассейн) және де жаттығу залы бар.

Орталықтың бағдарламасы сан-алуан. Айта кетер болсақ:

Спорттық ойындар: волейболдан, баскетболдан, шахмат пен ,шашкіден, тоғызқұмалақ, кіші-футболдан лагерь чемпионаты, «Толағай» жарысы өтіледі.

Мәдени іс-шаралар: шығармашылық кештер, сайыстар, ән-би байқаулары , пародия қойылымдары, Шәмші әндері, Тәуелсіздік мерекесі, мұнайшылар күні, көңілді тапқырлар клубы, сән әлемі кештері ұйымдастырылады.

Туристік экскурсиялар, оның ішінде Түркістан қаласы Қожа Ахмет Иассауи және Отырар қаласында орналасқан Арыстан Баб кесенесіне, Шымкент қаласының көрікті жерлеріне, хайуанаттар бағы, дендросаябақ, аквопарк, «Қиял әлемі» демалыс орталықтарына саяхат жасалынады.

Бізде қонақта «Цирк ғажайыптары», «Ғажайып от-шашу» шоуы балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Сонымен қатар балаларымыздың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Жас Ғалым», «Жас қаламгер» ғылыми жоба байқаулары ұйымдастырылады .

  «Ас адамның арқауы» — демекші, демалушы балдырғандар күніне бес рет тамақтанады. Ас мәзірінде  денсаулыққа  пайдалы тағамдар мен дәрумендерге толы көкөністер қарастырылған. Асханада жоғары дәрежелі мамандар мен  аспазшылар қызмет атқарады. Тағамның дәмді дайындалуының және тазалығының сақталуын қадағалау мен қамтамасыз ету халықаралық дәрежедегі байқауының жеңімпазы   «Саян» фирмасы  жүргізеді. 

Балалардың өмір қауіпсіздігін, Атырау қаласы «Хазар» күзет фирмасының арнайы дайындықтан өткен күзетші тобы  қамтамасыз етеді.

Демалушылардың денсаулығын  заман талабына сай медициналық көмек көрсету мақсатында,орталықта жаңа заманауи жабдықтар, физо емдеу, ЛФК ,массаж,табиғи фиточайлар, кислород коктейлі, «Түймедақ шәйі» т.б. дәрі – дәрмектері емдеу қажеттілігінде пайдаланылады.

«Машат-Арасан» емдеу-сауықтыру демалыс орталығының жазғы маусымында Атырау, Ақтау облысының түкпір-түкпірінен бес ауысымның әр кезеңінде 400 бала демалады. Маусым айынан басталған лагерь тамыз айының соңына дейін жұмыс жүргізеді. Демалыс орнының жылдан жылға жақсарып, жұмысының талапқа сай жүргізілуіне себепші болып отырған Республикаға танымал аптал азамат, Теңіз мұнай құрылыс акционерлік қоғамының президенті Жұмағұлов Төкен Танаұлы  бүгінде жас бүлдіршіндердің  айнымас жақын досына айналған. Бүгінгі жас бүлдіршін-ертеңгі  Отанымыздың  болашағы. Әр бүлдіршіннің жақсы демалуына, салауатты өмір салтын ұстануына, жүзінен күлкі кетпеуіне жағдай жасау баршамыздың міндетіміз.

     Демалушылардың әрбір күнін қызықты өтуін орталық директоры Сейсенов Сенбай Байменұлы, Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің жоғарғы санатты мамандар:   Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Албаев Нурғазы Қалмырзаұлы, аға тәлімгер Калдыбекова Эльмира Абылқасымқызы, музыка жетекшісі Нуржаутов Ғабит Даутбекұлы, Дене тәрбиесі жетекшісі Дусмаилова Нина Алексеевна, суда жүзу нұсқаушысы Шотанов Айдос Бейбитбекұлы, видео оператор Үсентаев Нурсултан, Тәрбиеші-тәлімгерлер Турсынбаев Марат Исаханұлы, Мусабаева Гулнур Рахметиллақызы, Сопбек Ақбота Дәулетқызы, Ережеп Ескендір, Сопбек Шәмші Даулетұлы, Ақылбек Бақытжан Ермаханұлы, Абдималик Жасұлан, Тағайбек Еркебұлан, Исмаил Жарас Сайдуллаұлы, Бейсенов Шымболат Бахытұлы , Куаныш Диана  сынды шығармашыл жастар, демалушылардың жазғы сауықтыру шараларын қызықты ұйымдастырады.

   Міне, Жаз – 2019 маусымына қызу дайындық басталып та кетті. Жасақтар жас ерекшелігіне қарай 7 жастан- 9 жасқа  , 10 жастан-12 жасқа дейін, 13 жастан-14 жасқа дейін деп топтарға бөлінеді.

Жалынды жас өркенісіз  арманы алда

Қанатты кеңге жайып биік самға

Сыйлаған сізге мейірім махаббатын,

Машат-Арасан саф ауаң да жанға дауа

 Ендеше, «Машат-Арасан» емдеу-сауықтыру орталығына асығыңыздар. «Машат-Арасан» лагері сіздерді күтеді.